Назарбаевқа жұмсалатын шығындар қысқартылмақ
2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте тұңғыш президент пен оның кітапхана қызметін қамтамасыз етуге шамамен 6 миллиард теңге қарастырылған. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қаржыландыруды қысқарту мәселесі жоспарланғанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Біз жылдан жылға барлық шығындарды оңтайландыратын боламыз. Соның ішінде кітапханаға жұмсалатын шығындар да қысқарады”, - деді Ерұлан Жамаубаев үкімет кулуарында.
Қаржы министрі шығындарды қысқарту мәселесі наурыз айында бюджетті нақтылау кезінде қаралатынын айтты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды