Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев елорданы Түркістанға көшіру туралы сөз қозғады

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында астананың Нұр-Сұлтаннан Түркістанға ауысуы туралы қауесетке жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақстандықтар арасында ел астанасы Түркістан қаласына көшірілуі мүмкін деген қауесет тарап жатқанын айтып, бұл ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.

"Мұның негізі жоқ. Бірақ айтуының жөні бар ғой. Түркістанда тұратын, сол жақтың жағдайын білетін адамдар солай деп ойлайтын шығар. Қаланың тарихы өте үлкен. Қожа Ахмет Яссауи келіп, мұсылмандықты уағыздады. Бұл түріктілдес адамдардың мұсылман дініне ұласты. Жақсы көретіні, сыйлайтыны сондықтан. Әсіресе, Түркиядан барлығы келгісі келеді, көргісі келеді. Солай болғаннан кейін ел астанасы болса деген ойлар бар шығар. Бірақ біз қазіргі астанамызды одан әрі ұлғайтамыз. 200 мың адамы бар бұрынғы Ақмола 1 млн 200 мың адамы бар шаһар болды. Нұр-Сұлтан деген ат болды. Мен оны ұсынған жоқпын, бірақ қарсы да болған жоқпын. Себебі әрбір тасы менің нұсқауыммен, әрбір ғимарат менің қатысуыммен салынды. Сондықтан біз Нұр-Сұлтанды әрі қарай дамытамыз", - деді Елбасы.

Сонымен қатар Назарбаев келесі жылы құрылысы аяқталатын "Абу-Даби Плаза" ғимаратының ең биік ғимараты "Қазақстан" деген атауға ие болатынын айтты.

Бұған дейін Назарбаевтың өкілетін тоқтатудан бір күн бұрын Тоқаевпен болған әңгімесі туралы хабарланды.

Талқылау