Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Найман, Суан, Ошақты: Елімізде ру аттары жазылған сыралар сатылымға шықпақ

Елімізде қаптамасына ру аттары жазылған сыралар сатылымға шықпақ. Ішімдік сыртына ру аттарын тайға басқандай етіп көрсеткен компания мұны маркетингтік әдіс-айла деп тапқан. Кәсібінің көрігін осылайша қыздырмақ болғандардың әрекеті көпшіліктің ызасын тудырып үлгерді. 

Найман, Суан, Ошақты: Елімізде қаптамасына ру аттары жазылған сыралар сатылымға шықпақ

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап хабарлайды.

Арақ-шарапқа ұлы Абайдың, белгілі ақын-жазушылардың суретін шығарып, тауарын жарнамалаған кәсіпкерлер енді «қара пиардың» жаңа түрін ойлап тауыпты. Үш жүзге бөлінетін қазақтың руларының атымен сыра шығаруды бастаған. Ғаламтордағы өнімнің суретінен «Найман», «Суан», «Ысты», «Ошақты» тайпаларының атауларын байқауға болады. Алайда елордалық дүкен сөрелерінен бұл су жаңа тауарды қанша іздесек те кезіктірмедік.    

«Масқара. Өзімнің ойым, дұрыс емес. Себебі ол аттар біздің тегіміз ғой. Біздің бар қазақтың байлығы. Харам нәрсеге ру атауын қойғанына көзқарасым теріс», «Негізінде, қазақтар мұсылмандар ғой. Мұсылмандардың атынан ондай шығару біртүрлі сияқты», «Қарсымын, әрине! Ата-бабаларымыздың атынан ішімдік шығарған қателік деп ойлаймын», - дейді бұл жайтқа қатысты пікір білдірген тұрғындар.

Сөйтсек, аталған сыра әлі нарыққа шыға қоймапты. Тауарды зерттеумен айналысатын мамандардың пайымынша, бұл өндірішілердің «маркетингтік қадамы» екен. Осы арқылы өнімдерін тестілеуден өткізіп жатқан пысықайлар мол пайда табуды көздеп отырған көрінеді.     

«Маркетинг түсінігінде үлкен бір кешен бар. Ол «нейминг» деп аталады. Сол салада шығарылатын тауардың атауы сараптамадан өтеді. Негізі, ол үшін де қойылатын бірнеше талап бар. Атауы жұрттың ар-намысына тимеуі шарт. Ал мына сыраға келсек, бұл тауар әлі нарыққа шықпаған. Тек тестілеуден өтіп жатқан өнім секілді. Осы арқылы өндіруші өздеріне «қара жарнама» жасап жатыр», - дейді маркетинг бойынша кеңесші Диана Барлыбаева.

Ең сорақысы, бұл ұлттық құндылықтарымызды аяққа таптағандардың алғашқы ісі емес. Бұған дейін де Ақтөбе өңіріндегі ащы суды өндірушілер тауарларының сыртына құран сүрелерін жазып, жұрттың ашуына тиген болатын. Одан бөлек, Жамбыл облысында шараптың сыртына қара жорға билеп тұрған қыздардың суретін жапсырып та әлеуметтің шамына тигені көптің есінде. 

«Бұл, әсіресе, спирттік ішімдіктер қазақ халқының ата-бабасына тіл тигізу болып табылады. Оның сыртындағы рулардың атауы, таңбалары – біздің ұлттық құндылықтарымыз. Себебі осы таңба арқылы белгілі бір деңгейде бір елді таныған», - дейді қоғам белсендісі Қуандық Шамахайұлы.

Маркетологтардың сөзінше, өндірушінің жаңадан шыққан тауарына ат беру үшін ол зат мұқият тексеруден өтеді екен. Ал қоғам белсенділері болса ұлттық құндылығымызды қорлағандар «өз құдығына өздері түкіріп жатқанын» білуі абзал дейді. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты: Кондуктор әйел өліп, 13 адам ауруханаға жеткізілді

Зиян шеккендердің үшеуі - балалар

Енді Нұр-Сұлтанда: Елордада автобус пен тепловоз соқтығысты (видео)

Абырой болғанда, қоғамдық көліктің ішінде жолаушылар болмаған

"Жағдайы ауыр": Шамалғандағы апаттан зардап шеккен балаға ота жасалды

Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын ауыр деп бағалап отыр

"Он жыл бірге тұрдық, бірақ Шолпанның киноға деген талпынысы күшті болды": Жол апатына қайтыс болған Шолпан Елгезектің бұрынғы жұбайы сұхбат берді

Марқұм болған актриса экс-жұбайының бала-шағасымен өте жақын араласқан

Қоқыс үйіндісінен табылған 12 жасар қыз босанды

Дәрігерлер оны табиғи жолмен босандырып алған

ІІМ Шамалғандағы ауыр апат туралы: Автобус бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кеткен

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Мен ешнәрсе істей алмаймын»: Пойыз қаққан автобус жүргізушісінің соңғы сөзі (видео)

Автобус жолаушысы қайғылы жағдайдың алдында не болғанын айтып берді

"Жүргізушінің қозғалатын жері де болмады": Куәгер Шамалғандағы жол апаты туралы

Куәгердің сөзінше, жантүршігерлік апат қас-қағым сәтте орын алған

Алматының ең қарт тұрғыны 106 жасқа толды

Кейуана Алматымен бірге өскенін, шаһардағы өзгерістердің бәрі көз алдында екенін айтады

Премьер-министрге сауал жолдаған: Шамалған тұрғындары бір жыл бұрын пойыздар мәселесіне шағымданған

Тұрғындардың көтерген мәселесіне депутаттар да араласып, көпір салынуын сұраған
Çàãðóçêà...