Нағашылары қазақ Кристиан Костов “Евровидение-2017” байқауында ІІ орын алды (видео)
Киевте өткен«Евровидение-2017» халықаралық байқауының ақтық сайысында Кристиан Костов екінші орын алды. Ол қазаққа жиен болып келеді.
Шешуші додада «Beautiful Mess» әнін орындаған Костов қазаққа жиен болып келеді. Ол Мәскеуде дүниеге келген. Оның әкесі Константин – болгар, анасы Зәуре – қазақ. Зәуре 1985 жылы Мәскеудегі институтқа оқуға түсіп, оны аяқтағаннан кейін Ресейде қалады. Әншінің ата-анасы оның өнерге деген құлшынысына қолдау білдіріп, төрт жасында «Непоседы» танымал студиясына жіберген.
Анасының айтуынша, Кристиан қазақ тілін жақсы түсінеді. Себебі, Зәуре Мәскеуде бизнеспен айналысып жүргенде, оны нағашы атасы мен әжесі тәрбиелеген екен.
“Кристианды музыкаға баулыған үлкен ұлым – Даниел. Мен оған үнемі “Кристиан – сенің жобаң” деп айтып отырамын”, – дейді Заура. Оның сөзінше Кристиан қазақша түсінеді. Мәскеуде ол бизнеспен айналысып жүрген кезде баланы қазақ атасы мен әжесі тәрбиелеген. Отбасы қазіргі таңда Заураның немере әпкелері Аруна және Әселмен араласып тұрады. Кристианның өзі Қазақстанда екі рет болған, соңғы рет 2008 жылы табан тіреген екен. Жасөспірімді көбінесе Қазақстанның биік таулары мен ұлттық асханасы таңғалдырған.
«Менің нағашы атамның жасы 85-те. Отбасылық басқосуларда әнді кейбір эстрада әншілерінен кем айтпайды. Оның дауысын тыңдап отырып, өзімнің музыкалық қабілетімнің қайдан келгенін түсінемін», – деген болатын ол. Қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша бірінші орынды Португалия өкілі Сальвадор Собрал жеңіп алды – 758 дауыс.
Екінші орын Кристиан Костовқа бұйырды – 615 дауыс.
Байқау шарттарына «Евровидение-2018» жеңімпаз мемлекетте, яғни – Португалияда өтеді.
Тағы да оқыңыз:
Салтанат Бақаева Бибігүл Төлегенованың денсаулығына зиян келтіріп алды
Ағылшынша мінсіз сөйлеген Мақпал Жүнісованың қызы жұртты таңдай қақтырды (видео)
Брэд Питт пен Анджелина Джоли татуласты
Мақпал Жүнісова мен Қайрат Нұртастың дуэті көпшілікке ұнап қалды (видео)