"Мұқасан Шахзадаев пәтер, Заңғар Нұртас телефон ұтып алды": Экс-мәжілісменнің 50 жас мерейтойы желіде қызу талқыға түсті
Алматыда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Мақсат есімді кәсіпкердің 50 жас мерейтойы дүркіреп өтті. Кеште қонақтарға елордадан жаңа пәтер, электркөлік, Samsung телефондары, 10 IPhone және шетелге жолдамалар ойнатылды. Тойда Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Мұқасан Шахзадаев және тағы басқа өнер иелері төбе көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото Гүлзира Айдарбекованың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған
Кәсіпкердің тойы Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өтіп, мерекелік шараға елге белгілі әртістер қатысты. Жұлдызды қонақтар арасында Қайрат Нұртас, Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Мұқасан Шахзадаев, Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер, Айгүл Мүкей, Raim, Қалқаман Сарин және т.б бар. Сонымен қатар мерейтойда саясаткер Иманғали Тасмағамбетов та тілегін айтты.
Дүбірлі кешті танымал асаба Руслан Искаков бастап берсе, келесі бөлігін Қалқаман Сарин мен Айгүл Мүкей жүргізді.
Фото әртістердің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған
Отандық әртістер туған күн иесін құттықтап қана қоймай, той қонақтары үшін өнерін де көрсетті. Айта кетері, той иесі қонақтарына арнайы лотерея ойнатып, бағалы сыйлықтар тарту еткен.
Астанадан жаңа пәтер, электрокөлік, Samsung телефондары, 10 IPhone мен Дубай мен Италияға жолдама ойнатылды. Заңғар Нұртас Samsung телефонын ұтып алса, әнші Мұқасан Шахзадаевтың жан жары бас жүлде алып, пәтерге ие болды.
Айта кетейік, той иесі бұрын мәжіліс депутаты болған.
Желі қолданушылары біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді деп жарыса пікір жазған.
"Сол тойға барған адамдар жағдайы бар адамдар. Бұл енді астамшылық. Ізгі амал жасайтын адам шын мұқтаж адамға сыйлар еді үйді де, басқаны да" деп оқырмандар көңілі толмайтынын айтты.
Еске салайық, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова кәріс отбасында тойда болып, отбасы мүшелерінің Қайрат Нұртасты қалай кұрметтейтінін жазған едік. Той иелері өздерінің салт-дәстүрлері бойынша дүркіретіп, 70 жас ұйымдастырған.