Мұхаммедәли Жүгінісовтің үйлену тойы елордада дүркіреп өтті
Ағайынды Жүгінісовтердің кенжесі Мұхаммедәли шаңырақ көтерді. Әншінің үйлену тойы Нұр-Сұлтан төрінде дүркіреп өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тойды еліміздегі қаламақысы ең жоғары асабалардың бірі, актер Тұрсынбек Қабатов басқарды. Одан бөлек, Майра Ілиясова, Қыдәрәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина, Алтынай Жорабаева, Айгүл Мүкей, Жұлдыз Әбдукәрімова және тағы да басқа елімізге белгілі тұлғалар той қонақтарының қатарынан табылды.
Мұхаммедәлидің қалыңдығының аты Медина. Үйлену тойда ол ұлттық нақышта киім киді. Сондай-ақ күйеу жігіттің анасы Айнұр Жүгінісова ел алдына қазақы нақышта безендірілген кимешекпен шықты.
Ағайындылардың ортаншысы Мирас Жүгінісов өз жолын інісіне бергенін айтып, жастар үшін қуанды.
"Рұқсатымды бердім, қатты үйленгісі келді", – деп бөлісті ол.
Мирас інісінің тойында өзінің хит әндерін орындады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн