Тұңғыш президент туралы заңның күшін жоярда дауыс берген депутат елбасы кетерде неге жылағанын түсіндірді
“Ақ жол” партиясының жетекшісі, елбасы кеткен кезде көзіне жас алған Азат Перуашев "тұңғыш президент туралы" заңның күшін жоярда неліктен жайбарақат дауыс бергенін түсіндірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BaigeNews.kz порталына сілтеме жасап.

Перуашев сол кезде елбасының кеткеніне емес, өзінің бастан өткерген қиын сәттері есіне түскен соң жылағанын түсіндірді.
"Тұңғыш президенттің кеткеніне жыламадым. Ол кезде маған "90-жылдардың басы сіз үшін нені білдіреді?”- деген сұрақ қойылды. Сондықтан ойыма түрлі сынақтар, жақын адамдарымды жоғалтқаным келді. Аздап эмоцияға берілдім", - деп түсіндірді ол.
Ол ақылды жандардың өзгелердің өмірін емес, тың идеяларды талқылайтынын алға тартты.
"Мен идеяларды талқылап, ұсынуды жөн көремін. Егер біреу мені талқылағысы келсе, бұл оның өз құқығы", - деп түйіндеді ол.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді