Металлургтер қаласының тұрғындары "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2-де болып, қысқа дайындық барысын көрді
Алдағы жылу маусымына алаңдаулы Теміртау жұртшылығы "АрселорМиттал Теміртау” ЖЭО-2 мекемесінде болды. Қала тұрғындарынан, атқарушы билік өкілдерінен құралған бастамашыл топ аралау барысында №7 қазандық құрылысының қалай жүріп жатқанын жекелей көріп, басшылыққа сауалдарын жолдады.

Қоғам қайраткерлері – Румиль Сабиров, Марина Лаптева, Думан Жақыпбеков сапар барысында теміртаулықтардың пәтерлерінде алдағы қыста жылу қандай болатынын сұрады.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2 директоры Сергей Кривов барлық сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, кейін №7 қазандықтың құрылыс алаңына алып барды.
Бастамашыл топ құрамындағы Румиль Сабиров – металлургтер қаласының қамқор тұрғындарының бірі. Ол көптен бері №7 қазандықтың құрылысына барғысы келіп жүргенін жеткізді.
“Мені бір қазандықтан екінші қазандыққа ауыстыру қанша уақыт керек екені әрқашан қызықтыратын. Бүгін маған 6 сағат кететінін айтып, арнайы жауап берілді. Өткен қыста бізде мұндай ауыстыру жұмыстары болған еді. Алайда қалай жүргізілгенін анық білмедік. Ал көмірге қатысты келесі мәселе бойынша қазір ЖЭО-2 Екібастұз көміріне көшкені расталды", – деді Румиль Сабиров.
Жиын барысында белсенділер өздерін толғандырған сауалдарына жауап алып қана қоймай, олардың кейбірін енді "Оқжетпес-Т" серіктестігі мен атқарушы билікке жолдау қажеттігін де мойындады.

“Бізді алаңдатқан бірінші сұрақ температура графигі болды. Кеңес Одағы кезінде кесте 150/70 болған соң жылудан еш қиындық көрмеген едік. Осы уақыт ішінде көп нәрсе өзгерді, мәселен, жертөлелерде, пәтерлерде ттек 95 градус ыстыққа шыдайтын пластик құбырлар орнатылды. Ал ауа температурасы көтерілсе мұндай құбыр жарылады. Дегенмен бұл тұрғындардың өз мәселелері. Жұртшылықтың басты сұрайтыны үйге қажетті температураны берсеңіздер. Басты мәселе ЖЭО-2 ғана емес, “Оқжетпес-Т”-да. Оқжетпес-Т мен ЖЭО-2 арасында шекара учаскесі бар. Онда температура белгілі бір кесте бойынша, мысалы, 100 градусқа дейін жетеді. Біздің қалада соңғы нүкте 60 градусқа жетеді. Бұл жылытуға жетіспейді. Әкімдікке сұрақтар бар, олар мұндай температура кестесін не үшін бекітеді”, – деді Румиль Сабиров.
Теміртаулықтар осы және өзге де сауалдарды "Оқжетпес-Т" серіктестігі мен жергілікті атқарушы билік өкілдерімен кездесуде көтеруді жоспарлап отыр.
Еске салайық, алдағы жылыту маусымына № 1, 2, 4, 5 қазандық агрегаттарында, № 3 турбоагрегатта күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ негізгі және қосалқы жабдықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?