Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені жек көріп жатса, жаман шығармын": Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қатысты сыр шертті

Гүлзира Айдарбекова екі келінін салыстырып, бірін – жақсы, бірін – жаман деп бөлген желі оқырмандарына жауап берді. Ол екі келінін де жақсы көретінін, әрқайсысы үшін жүрегін жұлып беруге дайын екенін жеткізді. Келіндерім – қызымдай болса деген арман-тілегін де жасырмады. 


Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Продюсердің екінші келіні Әйгерім өз парақшасында енесі екеуінің жиһаз таңдап жүрген сәтін бөлісті. Ене мен келінді бірге көрген жұрт Жұлдызға қатысты неше түрліні жазып, екеуін салыстырды. 

"Есесіне Жұлдыз көпке шыдаған келін", "Жұлдыздан қарағанда осы келін ақылды көрінеді, молодец", "Жұлдыздан тәкәппарлық сезіледі, ал Әйгерім құдды бала сияқты, ақжүрек екені сезіліп тұрады", – деп жазды олар.

Бұған Гүлзира Айдарбекова үнсіз қарап отыра алмады. 

"Қайтесіздер бөліп жарып. Екі келінім де ыстық. Жұлдызды жамандағанымды көрдіңіздер ме? Жастар ғой, кейде қателеседі бәрі де. Ойлансын, өз-өздеріне келсін деп үндемей қоя саламын. Себебі әр адамда біреуге ренжімес үшін менен қандай кінә болды екен деген көкейінде сұрақ тұрады. Мен келіндеріммен бірге көп тұрған ене емеспін, ылғи да ізденіс үстіндемін, 1 айда аз уақытқа барамын да не жетпейді соны түгендеп жағдайларын жасап кетемін. Айтсам ақылымды айтамын, түсінсе қабылдар, түсінбесе өздері білер. 


Гүлзира Айдарбекова: 35 жыл ішінде ажырасамын деп үйіме барып көрмеппін


Сіздер не десеңіздер де менен жақын бола алмайсыздар, олар менің өмірімнің жалғасы, әрқайсысы үшін жүрегімді жұлып беруге дайынмын. Өйткені келіндер маған, менің қаным немерелерімді өмірге алып келді. Тек қызым жоқ, қызымдай болса деп армандаймын, қазір түсінбесе ұл-қыздары өсіп жатыр сосын түсінер. “Сиырға туған күн, бұзауға да туар”. Менде тек ана жүрек ешкімге ренішім жоқ, ешқайсысын жамандай алмаймын, мені жек көріп жатса, жаман шығармын, әрқайсының жүрегі білсін", – деп жазды ол.

Гүлзира Үсенқызы келіндерге келгенде қаталдық танытпайтынын ашып айтты. 

"Менің көрген қиындығымды көрмесе деп тіледім. Біле білсеңіздер әр қызға анасы қандай қатаңдық танытса да ертеңіне ұмыт болады, анасының жылы сөздері мен маңдайын сипаған ыстық алақаны ғана елес болып тұрады, ал енеге келсек жақсылықтың бәрі ұмыт болып, тек жылына бір рет болса да, тәрбие болсын деп бір айтқан ауыр сөзің болса өмір бақи жүректерінде тұрып қалады, өйткені сен енесің, өмір солай…


"Айғай-шу, қарғап-сілеу болған жоқ": Нұрлан Албан бірінші әйелімен ажырасуына қатысты


Саған кім не ойлап не жасаса да, алдына келмей қоймайды, сол кезде қадіріңді біліп жатады. Мен өкінбеймін, Алланың маған осындай келіндер бергеніне, бәрі де ақылсыз емес, қазір түсінбесе түбі түсінеді. Тек амандық тілеймін. Бірақ сырттан бал ашып, керексіз жерге тұмсық тығып тіміскіленгенше, өз өмірлеріңізбен алысқандарыңыз жөн болар. Ал мен кейде суық қарасам, бір пісіріп алайын деген ойым шығар. Сол себепті екі келінімді бөліп жармаңыздар, мен анамын барлық уақытта кешіремін және кешіріммен қараймын. Менің өмірім мына менің әлемім болып қала берсін", – деді продюсер.

Талқылау