“Мен неге жылап жатырмын”: Желіде күтпеген жерден ата-анасына той жасаған отбасы жұртты таңғалдырды (Видео)
Желіде Өскеменде ата-анасына тосынсый жасап, 41 жылдық отау құрған тойларына сол күні күтпеген жерден алып келген отбасының видеосы тарады. 13 миллионға жуық қаралым жинаған бейнеролик көпшілікті таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеода бүтін бір әулеттің адамдары “Зейнет той” және “41 жыл” деген жазуы бар баннердің алдына той иелерінің көзін байлап әкеледі. Олар көздерін аша сала өздері күтпеген жиынды көріп көңілдері босайды.
Мұны көрген желі қолданушылары да таласа пікір қалдырды.
“Керемет, мен де жылап қалдым”, “Осындай бақытты сәттер әрбір ата-анаға нәсіп етсін”, “Олар да аналарымен бірге жылап тұр”, “Ең бақытты күндер – ата-анаң жаныңда болған кез”, “Бұл – олардың тәрбиесінің көрінісі”, Ата-ананы көзінің тірісінде құрметтеу керек”, “Мен неге жылап жатырмын” “Қандай әсерлі”, – деп жазды пікір қалдырушылар.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"