Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен емес, мені намаз тастап кетті": Ақын Құрманай Бақтиярқызы неліктен орамалды шешкенін түсіндірді

Басынан ақ орамалын тастамаған, құдайына құлшылық етіп бес уақыт намазын оқыған ақын, сазгер Құрманай Бақтиярқызы иманнан қалай алыстап кеткенін сөз етті. Шындығында мен емес, намаз мені тастап кетті дейді ол.

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасындай айтылды. 

Құрманай Бақтиярқызы иманға бір сәтте келіп, бір сәтте жырақтап кетті. 

"Бір кездері орамалсыз өлең де жаза алмайтынмын. Орамал қыз баланың, әйел затының, діннің діңгегі. Орамалды тағу да, оны шешіп тастау да ауыр. Бір кездері денсаулығым сыр беріп, ота жасатпақшы едік. Отаға дайындалып жүргенде жүкті екенімді білдім. Бұрын да ұлыма серік болатын ұл баланы өмірге әкелсем, төртінші перзентім болса деп армандайтынмын. Бала босансам, ауруым сонымен-ақ кетер еді деуші едім. Сол тілегімді Алл естіп, қабыл етті. Соған шүкір етіп, жалбарынып, тәубе еткеннен бірден намазға жығылдым. Орамалымды тастаған емеспін. Кейін баламның құрсақта өспей қалғанын білдім. Өз өмірімді сақтау үшін, ота жасау керек болды. Дәрігерлер көңіл айтып, ауыр жаңалықты осылай жеткізді", - дейді ақын. 

Айтуынша, перзентінен айырылған соң да ол келіндік қызметін атқарған. Күйеуімен, енесімен бірге тұрған. Өнерден қол үзіп қалған. Кейіннен рұқсат сұрап, елордаға кетпек болады. 

"Телевизияға келгенде менен орамалды шешуді сұрайтындар көп болды. Әлденемен алдарқатып, бас киім киіп жүрдім. Бірақ басыңда орамал бар кезде, өзіңді салмақты ұстайсың. Өнердің талаптарын орындай алмайсың. Махаббат туралы өлең де жаза алмайсың. Тек құлшылық, иман туралы жазасың. Шахизада құрбым осы тақырыпта бір күні ұзақ әңгімелестік. Бір сәтте шешім қабылдап, киімімнің бәрін, имиджімді өзгерттім. Орамалды шештім", - дейді ол.

Ақынның айтуынша, елдің сөзін бола үшінші некесі де сәтсіз аяқталған. 

"Жігітті альфонс деп, мені жас жігітке құмар деп айыптаушылар көп болды. Сол сөздің кесірі бізге әсер етпей қоймады", - деді ол.


Тағы оқыңыз:

"Қызымның әкесі мен емес екенмін деген бір сөзге бола ажырастым": Құрманай Бақтиярқызы үш некесі жайлы айтты


 

Талқылау