Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен де жаным ашыған соң жылдар бойы бірге тұрдым": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі абьюзер еркектің тағы бір өзгешелігін айтты (фото)

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман абьюзерлік қарым-қатынастың тағы бір нұсқасын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

9 сәуірде өткен сот отырысында Салтанат Нүкенова мен құрбысының бір-біріне жазған хабарламалары оқылды. Марқұм Нүкенова құрбысына: “Бұл махаббат емес. Қазір осының бәрін зерттеп жатырмын. Сол үшін Павлодарға қашып кеттім. Жағдай осылай. Оған жаным ашиды. Сол себепті онымен бірге тұрып жатырмын” деп жазған.

Осы хабарламаны негізге алған Бишімбаевтың экс-жары Назым Қаһарман жанашырлық, аяушылық сезімі де абьюзерлік қарым-қатынастың бір нұсқасы екенін айтты.

“Аяушылық – адамға әсер етудің мықты тұтқасы. Мен де оған жаным ашығандықтан бірге өмір сүрдім. Оларды ешкім түсінбейді, ешкім жақсы көрмейді, олар қатты қиналады. Оны тек сен түсінесің. Сіз мықтысыз, көмектесе аласыз. Дәл осы сөздер таныс болса, міне сіз тұзаққа түстіңіз”, – деп жазды ол. 



Сондай-ақ Назымның айтуынша, токсиктардың тағы бір сүйікті әдісі “мен сен үшін бәрін жасадым” деп, адамның өзін кінәлі етіп қояды. 

“Мен қаламадым, бірақ сен үшін бәрін жасадым. Бұл сізді кінәлі етіп, өзіне қарыздар ету міндетін жүктейді. Мұндай сөздерге назар аударыңыз”, – деді Назым Қаһарман. 

Фото: nazymkakharman Instagram парақшасынан 

Айта кетейік, бұған дейін әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың экс-келіншегі Назым Қаһарман абьюзерлік қарым-қатынасты қалай анықтауға болатынын айтқан еді. 

Сондай-ақ ол өзіне қысым жасалып жатқанын хабарлаған. 

"Жалғыз оған ғана емес, маған да қысым көрсетіп жатыр! Бұл өте қорқынышты. Сот Бақытжанды Қуандықтан бөлек отырғызады деп сенемін", — деп жазған еді.

Талқылау