Дене қызуы көтеріліп тұрса да, қыздарды ұзатудан бас тартпайтынын айтқан ару желіде таралған фотосын түсіндірді
Жақында желіде дене қызуы көтеріліп тұрса да, екі қызды ұзатудан бас тартпайтынын айтқан арудың фотосы таралған еді. Көп ұзамай арудың кім екені анықталды. Ол Жазира Алматова есімді Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жазира көпшілік алдында бұл суреттің желіде қалай таралып жүргенін, өз жағдайын видео жазбамен түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сәлем достар, қалдарыңыз қалай? Мен, Жазира Алматова, желідегі мен туралы айтылып жатқан қаңқу сөздерге байланысты сіздерге айтарым бар. Бұл сурет бірнеше уақыт алдын салынған сурет болатын. Соны белгісіз желі қолданушылары өздеріне көшіріп алып, Instagram, блогерлерге тараптып жіберген жағдайы бар. Бұл не мақсатпен екені әлі белгісіз болып отыр. Карантиннің талаптарына сәйкес, мен де үйде оқшауда отырған адаммын. Мен де туған-туысқандарымның, ата-анамның денсаулығына алаңдаулымын.
Алла қаласа осы індетттен аман-есен құтылып, бұрынғы қалыпты өмірімізе оралуды Алла нәсіп етсін", деді ол видео жазбасында. Жазира көпшілікті тырнақтың астынан кір іздемеуге шақырды.
- Коронавирус белгілері жоқ тасымалдаушылар қалай оқшаулану керек: Инфекционист түсіндірді
- Күйеу жігіт қайтыс болды: Тойдан кейін 100-ден аса адам COVID-19 жұқтырды
Еске салсақ, Павлодар облысында полицейлер мейрамханалардың бірінде өткен қыз ұзату тойының үстінен түскен.