Мектептегі еденді мақтамен бітеу сәтін интернетке шығарған мұғалімге қысым көрсетілген
Атырау қаласындағы мектепте еденнің саңылауын мақтамен бітеп жатқан мұғалімнің суреті әлеуметтік желіде тарағаны белгілі. Енді осы жайтқа қатысты қазір тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар24” арнасына сілтеп хабарлайды.

Оқиға Мұнайлы қаласындағы Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектепте болған. Білім ошағына былтыр ғана күрделі жөндеу жүргізілген екен. Бірақ жұмыс сапасы сын көтермейді.
Ал әлеуметтік желіде мектеп мұғалімі Райса Жұмабаеваға қысым көрсетіліп жатқаны айтылған болатын. Бұл мәселені облыстық білім басқармасы қадағалауға алған.
“Бүгін жергілікті білім басқармасынан басшылар келіп, мән-жайды білді. Олар құзырлы органдар жүргізіп жатқан тексеріс мүмкіндігінше объективті болады, сондай-ақ орнаған жағдайға байланысты нақты құқықтық баға беріледі деп сендірді. Мен әділдікке сенемін. Заңға сүйенемін. Шындық жерде қалмайды”, –дейді Бекмұхамбетов атындағы орта мектеп мұғалімі Райса Жұмабаева.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"