Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері ПТР тест өтуге міндеттеледі ме: Бас санитарлық дәрігер жауап берді

Мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері ПТР тестілеуден өтуге мінlеттелмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.

"Бүгінгі таңда мектептердегі тәрбиешілер мен мұғалімдерді міндетті түрде ПТР тестілеу қарастырылмаған. Өйткені тестілеу тек жабық жұмыс режимінде жұмыс жасайтындар үшін ғана міндеттеледі", - деді Айжан Есмағамбетова.

Бас санитардың сөзінше, ПТР тестілеу тапсырғанымен, олар жұмысқа барып, келу барысында адамдармен қарым-қатынаста болады. Яғни, теріс тест нәтижесінің айтарлықтай пайдасы жоқ. 

"Мұғалімдер және балабақша тәрбиешілері өздерінің жұмысына күн сайын таңертеңнен кешке дейін барады, жұмыстан шыққан кезде олар көшеде де, үйде де байланысқа түседі. Сондықтан ПТР теріс тестінің болуы адамның ауырып қалмайтынын немесе оның ауырмайтынын білдірмейді. Толық инкубация кезеңінде инфекция жұқпайды", - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 17 тамыздан бастап карантин қалай жеңілдетілетіні белгілі болды

Елімізде коронавируспен ауырғандардың арасында санаторийлерге емделуге кімдер жіберіледі.

Талқылау