Майқайыңдағы автобус апаты: Құтқарушылардың өміріне қауіп төнгендіктен іздеу жұмыстарын тоқтату мәселесі қаралып жатыр
Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" АҚ аумағында құтқарушылар өміріне төнетін қауіп деңгейі артқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік ақпаратына сәйкес қазір опырылу орнында құтқарушыларэкскаваторлар топырақ пен тау жыныстарын қайта экскавациялауды жалғастырып жатыр.
“Майқайыңалтын" АҚ аумағында опырылу орнының барлық периметрі бойынша жарықтар пайда болды. Бұл өте қауіпті. Магнитометрмен және геосканермен топырақты зерттеу кезінде "GRP Ridder grupp" ЖШС мамандары объектінің орналасқан жерінде құлау ықтималдығы жоғары деген қорытынды берді”, – делінген ақпаратта.
"Майқайыңалтын" АҚ аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын тұтастай немесе олардың бір бөлігін тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқығы бар кеніштің басшылығы басқарады. Ол бірінші кезектегі тәртіппен төтенше жағдай аймағындағы адамдарды құтқару бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдайды.
Еске салайық, Павлодар облысы "Майқайың-алтын" кенішінде адамдар мінген автобус құлаған шұңқырдан құтқарушылардың заттары табылғаны туралы хабарлаған едік.