"Майқайың-алтын" кенішіндегі апат: Павлодарда үшінші құтқарушының мәйіті 7 айдан кейін табылды
Павлодар облысындағы Майқайың кенішінде шұңқырға құлаған автобус ішінде болған жолаушылардың бірінің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото Айдос Шаймерденнің вконтакте желісінен
"Майқайыңалтын" АҚ бас директоры Қайролла Жүрсінбаевтың сөзінше, 19 шілдеде құтқарушылар взвод командирінің орынбасары Айдос Шаймерденовтің денесін тапты.
"Мәйіт таңғы сағат 5.30 шамасында табылды. Олар іздеуді күн шыққан кезде бастаған. 13.30 шамасында олар мәйітті толық шығарды. Экскаватор мәйітті зақымдауы мүмкін еді. Содан кейін полиция келіп, барлық процедуралар басталды. Ертең іздеуді жалғастырамыз. Себебі қызметкерлер мәйітті шығару кезінде моральдық күйзеліске ұшырады", – деді Қайролла Жүрсінбаев.
Ол төртінші қаза болған құтқарушының денесі жақын арада табылар деген үмітін білдірді.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кеткені туралы жазған едік. Екі адамның денесі табылды. Кейіннен жердің опырылу қаупіне байланысты іздеу тоқтатылды.
Айта кетейік, наурызда Майқайыңда топырақтың опырылуынан тұрғындарға қауіп төнген еді. Ал жоғалып кеткен құтқарушылардың туыстары іздеу жұмыстарын жалғастыруды сұрады.