Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Масқара: Семейдегі Мәншүк Мәметованың мүсіні елді шошытты

Семейде орнатылған Мәншүк Мәметованың ағаш мүсіні әлеуметтік желілерде дау туғызды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Arnapress.kz басылымына сілтеме жасап.

Масқара: Семейдегі Мәншүк Мәметованың мүсіні елді шошытты

Мүсін Жеңіс саябағында орнатылған. Тұрғындар ме желі қолданушылар арасында сын тудырды. Кейбір қазақстандықтар мүсінде екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Мәншүк Мәметова бейнеленген деп болжайды.

«Кешіріңіз, бірақ бұл ұнамсыз», «Көркемдік кеңесі қайда? Кім рұқсат беріп отыр бұған?», «Мәншүк Мәметова фотосуреттерде де, киноларда да өте әдемі, бірақ бұл не, мұнда түрі өте қорқынышты», деп жазады әлеуметтік желіні қолданушылар.

Пайдаланушылардың айтарлықтай бөлігі оң пікірлер қалдырған.

Әкімдік шағын сәулет нысандарының жобалары бюджеттен тыс қорлардың есебінен жүзеге асырылатынын айтты.

«Жобаны жүзеге асыру барысында Ұлы Отан соғысының субьектілері мен материал, сонымен бірге оны өңдеу техникасы ескерілмеген болуы мүмкін», - деп түсіндірді қала әкімдігі.

Жеңістің 75 жылдығына жоспарланған алаңды қайта құруға байланысты композицияны Жеңіс алаңынан білім басқармасы анықтаған жерге ауыстыру туралы шешім қабылданғаны туралы хабарланды.

Arnapress.kz тілшісі Юлия Куртуновамен кездесті. Ол күйеуі Иван екеуі осы жобаның авторлары мен жасаушылары. Олар жұмысы Семей қаласының тұрғындары арасында дау тудырғанынан хабардар.

Авторлар Мәншүк Мәметованың мүсінін жасағанын растады.

«Мәрмәр немесе ағаштан жасалғаны маңызды емес, мұнда атмосфера  маңызды. Жеңіс саябағында Кеңес Одағының Батырларына арналған ескерткіштер, танк ескерткіші қойылады. Мәншүк Мәметова - қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын алған алғашқы әйел. Ол мүсін жасауға лайықты», - деді Юлия.

Оның айтуынша, күйеуі екеуі әлеуметтік желілердегі жағымсыз пікірлерге назар аудармайды. Қарсы болғандардан, қолдағандардың пікірі көп дейді.

«Түсіністік танытатын мейірімді адамдар көп. Менің ойымша, өздері ештеңе істей алмайтындар ғана солай сын айтып отырады», - дейді ерлі-зайыптылар.

Сонымен қатар, ол осы мүсіннің тапсырыс берушісі кім және ол қанша тұрады деген сұраққа жауап берді.

«Бұл сіздің керемет әкіміңіз Ермак Бидахметұлының бастамасы. Ол мүсіндерді қалаға ағаштан тұрғызу үшін бізді арнайы шақырды. Әрине, бұл ауыр жұмыс. Біздің төрт баламыз бар, біз оларды қалайда асырауымыз керек. Мүсін құны қымбат емес, арзан», - деп бөлісті Юлия.


Тағы оқыңыз: Мәншүк Мәметова: қазақтан шыққан әйгілі пулеметші қыздың өмір жолы

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Саясаткерлердің алдында сөйлеген Назарбаев аяқ астынан сөзін бөлді

Отырыс кезінде әлдененің қатты даусы шығып, қатысушылардың назары соған ауды

Ақмола облысында ер адам жүйткіп келе жатқан пойыздан секіріп түсіп, үйді тонап кеткен

Ол жолында кездескен үйге кіріп, өзін отағасының досымын деп таныстырған

Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысты (видео)

Апат салдарынан 7 адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында 29 жастағы актер театр басшысы болып тағайындалды

Олжас Ыбыраев Тахауи Ахтанов атындағы драма тетрының директоры міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды

Алматы облысында сынып жетіспеген соң, мектеп директоры өз кабинетін босатып дәлізде отыр

Мектеп теп 4 сыныпқа дейін оқытатын көрінеді

Назарбаев Украина мен Ресей президентін Қазақстанда жеке кездесуге шақырды

Елбасы: Путин бұл кездесуді қаламайды деу қате

Бағдаршам туралы қызықты деректер

Әлемдегі ең алғашқы бағдаршам осыдан тура 105 жыл бұрын АҚШ-тың Кливленд қаласында орнатылған

Ондай да болады: Назарбаев отставкадан кейін президенттікке қайта оралғандар туралы айтты

Елбасы бос уақытында майлы бояумен пейзаж салғанды жақсы көреді

Алматы облысында бесінші баласын босанып, аяқ астынан қайтыс болған келіншектің өліміне ақ халаттылар кінәлі екендігі дәлелденді

Келіншектің сәбиі туыла сала анасынан жетім қалды

Режиссер Рүстем Әбдірашевтің кенже ұлы оқыс жағдайда көз жұмды

Оқиға туралы мәліметтер нақтылануда
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр