Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда вакцина салдырғандар үй ұтысына қатыса алады

Маңғыстауда "Екпе ал да, 2 бөлмелі пәтер ұтып ал" акциясы басталды. Оған бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы вакцина алған тұрғындар қатысады.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Акцияға қатысу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша емханада екпе салдырып, QR код арқылы сайтқа тіркелу қажет. Акция 1 ай жүргізіледі. Әр жұма күні бағалы сыйлықтар ойнатылады. Ал соңында ұтысқа Ақтау қаласынан 2 бөлмелі пәтер тігіледі.

Науқан тұрғындарға екпенің маңыздылығын түсіндіріп, оны өз еркімен алуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

“Жаңа Араб елінің “Хаят” вакцинасын алдым. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Және де сонымен қатар бүгін үлкен науқан жүріп жатқанын естіп қуанып қалдым. Өзімнің денсаулығымды қорғай отырып, үлкен бағалы сыйлықтың иегері атанып қалуым мүмкін. Енді акцияның қорытындысын күтемін”, – деді Ақтау қаласының тұрғыны Гүлнар Сегізбаева.

Талқылау