Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында жасөспірімді зорлаған ер адам 22 жылға сотталды

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімді зорлау және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған ер адам 22 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Соттың мәліметінше, айыпталушы 2023 жылдың тамыз-қараша айларында жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, бірнеше рет зорлап, жыныстық қатынасқа түскен. Сонымен қатар сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің берген жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен және тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен толық дәлелденді.



Сот сотталушы П.-ны Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігінде (Зорлау), 121-бабының 4-бөлігінде (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сотталушыға педагогикалық лауазымдарды атқару және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдармен айналысу құқығынан өмір бойына айыру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлігін (Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау) қолданып, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен, түпкілікті 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады1, – делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда әйелді аяусыз соққыға жығып, зорлады деп айыпталған ер адам бар-жоғы 2 жылға сотталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау