Маңғыстау облысында серфингпен айналысуға теңізге шыққан екі азаматты қатты ағыс алып кеткен
Маңғыстау облысында серфингпен ашық теңізге шыққан 29 және 31 жастағы азаматтарды жел екпінімен суға ағысы алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ретте екі азамат та құтқару кеудешелерін кимеген. Серфингшілердің бақытына орай құтқарушылар көмекке келді.
”2023 жылғы 7 шілдеде сағат 23.45-те Каспий теңізінің жағалауында, атап айтқанда Форт-Шевченко қаласының ауданында Маңғыстау облысының ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары серфингпен айналысып, су ағысына кеткен екі азаматты құтқарды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде олар аман-есен жағаға жеткізілді”, – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ресейдің әуе кеңістігі қауіпті болса да, қазақстандық әуе компаниялар тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды
Комитет: "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиакомпаниялармен бірлесіп, тұрақты негізде жағдайға мониторинг жүргізеді"
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды