Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында коронавирустың жаппай таралуына байланысты ауыл әкімі жұмыстан қуылды

Маңғыстау облысында коронавирус жаппай таралып кеткен ауылдың әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар-24 арнасына сілтеме жасап.

10 күнде Қарақия ауданы Сенек ауылында 23 адамның індетке шалдыққаны белгілі болған. Олар отбасылық мерекеде бір-бірінен ауру жұқтырған. Ауылдықтардың карантин режимін сақтамағаны үшін ауыл әкімі жұмыстан қуылып, аудан басшысына қатаң сөгіс жарияланыпты. Қазір елдімекенге кіретін жолда бақылау бекеттері орналастырылып, күзет күшейтілген. Аймақта Бейнеу және Қарақия аудандары науқастардың саны жөнінен алдыңғы орында көрінеді. Коронавирус 129 адамнан анықталған. Маңғыстау облысында карантин режимі 25 маымрға дейін созылмақ. 

"Станционарлық мекемеде 112 науқас жатыр. Олардың арасында бір жүкті әйел мен 28 бала бар. 3 адамның жағдайы ауыр, 26-сының халі орта деңгейде деп бағалануда. 16 науқас ауруханадан шығарылды. Тағы 10 адамды үйлеріне қайтару ойымызда бар", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева. 

 

Талқылау