Маңғыстау облысында Қаракөл көлі тартылуда: Қоғам белсенділері дабыл қақты
Маңғыстау облысында Қаракөл тартылып барады. Бұл мәселеге қоғам белсенділері назар аударды. Олардың пікірінше, көлді таяздануына Шор каналы арқылы өтетін автокөлік көпірінің салынуы себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Мәселені шешу үшін қоғамдық ұйым өкілдері осы жерге шлюз орнатуды сұрайды. Проблема қазір Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде қаралуда.
Айта кетсек, Қаракөл көлі Маңғыстау атом-электр станциясының шұңқырының орнында пайда болған. Су қоймасы қыста да қатпайтын көрінеді. Өйткені көлге жылы сулар ағызылады. Бұл құстардың Қаракөл жағасына ұя салып, қыстауына қолайлы жағдай туғызды.
Көлдің ерекше қорғалатын аумақ мәртебесі бар екенін айта кеткен жөн. Енді жергілікті үкіметтік емес ұйымдар жасанды су қоймасын сулы-батпақты жерлер туралы Рамсар конвенциясының тізіміне енгізуді сұрайды. Халықаралық мәртебе алу басқа елдерден туристер ағынын тартуға көмектеседі.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"