Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында аштықтан өлуге шақ қалған жылқылардың жантүршігерлік суреттері пайда болды

Маңғыстау облысында аштықтан өлуіне сәл қалған жылқылардың суреттері желіде тарады. Суреттерді Facebook қолданушысы Бердімұрат Төрекенов бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төрекеновтің сөзінше, Маңғыстау облысында мал шаруашылық ахуалы мәз емес. Биыл далада жауын-шашын болмай, жайылымдар кеуіп қалған, малдар азықсыз қалған.

Бақташылар құдық мен жайылым іздеп, онсыз да әрең жүрген малдарын айдап зорға көшкен.

"Жақында Ақшымырау 3-4 айғайынды жігіттер жылқы малдарын қырға алып шықты. Үш төрт күн жүріп әрең жетті. Келгенше 3-4 ірі қарасы өлді. Жүрмей қалған жылқыларын кезек кезек тиеп алдына әкеп тастап су беріп тынықтырып он шақырым алдына әкеп тастайды. Қайтып барғанша тағы төрт бесеуі сондай жағдай да оны тағы әкеп тастап тынықтырып зорға жетті. Қызан ауылынан бір шаруашылық қой алып шықты оларда үш төрт күн жүріп зорға жетті", - деп жазды ол.

Бердімұрат Төрекенов биліктен бұл мәселеге назар аударуды сұрады, өйткені құрғақшылықтың салдары ауыл шаруашылығы кері әсерін тигізіп жатыр.

"Малшының жанын мал баққан түсінеді,аурудың жаманын ауырған түсінеді деген ел шаруашылығы жем-шөптен қыстан зорға шыққанда жазда енді жайлым жоқ сусыз қырып алмайық. Сондықтан жедел комиссия құрып,штаб құрып,тығырықтан шығу жолдарын бірігіп ойластыруларыңыз қажет, кеш болмай тұрғанда", - дейді желі қолданушысы.

Талқылау