Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман сағыздың көпшілік күтпеген пайдасын айтты

Тіс дәрігері, медицина саласының сарапшысы Алексей Антипенко қант алмастырғыш сағыздардың ауызға пайдалы екенін, олардың бактерияларды әлсіретіп өлтіретіні туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Егер біз қант қосылған сағыз туралы айтатын болсақ, онда оларды ешбір жағдайда қолдануға болмайды. Ал құрамында қантсыз тәттілендіргіші бар сағызды шайнау қауіпті емес. Олардың құрамындағы қант алмастырғыш бактерияларды алдайды. Себебі бактерия тәттілендіргіш молекуласын қант ретінде қабылдап, оны қорытуға тырысады. Бірақ бұл тәттілендіргіштің молекуласын қорыту үшін бактериялардың энергиясы ас қорыту нәтижесінде алғанынан бірнеше есе көп қажет. Яғни бактерия соңында өзін-өзі таусып, әлсірейді немесе өледі ", – деді Алексей Антипенко.



Сарапшы құрамында қанты бар сағызды ешқашан тұтынуға болмайтынын түсіндірді.

"Егер сағыз қант қосылған болса оны мүлдем тұтынбаған жөн. Ол тіске кәмпит сияқты әсер етеді және кариозды зақымдайды. Жалпы сағыз өте пайдалы нәрсе. Оны шайнауға кеңес беремін. Бірақ тек қантсыз түрін ғана", – деп түйіндеді дәрігер.

Талқылау