Маман көпшілік біле бермейтін ақыл-ойды жақсартуға арналған тәсілді атады
Рединг Университетінің тамақтану психологиясы бойынша зерттеушісі Джессика Иствуд ішектегі микроағзалардың ақыл-ойды жақсартып, күйзеліс кезінде көмектесетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Business Insider басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Иствудтың сөзінше, ішектегі микроағзалар ми жұмысына оң әсер етеді. Әзірге бұл байланыстың қалай жұмыс істейтіні толыққанды зерттелмеген, бірақ ішектің түрлі микрофлорасы тек ас қорыту кезінде көмектесіп қоймай, эмоциялық және ақыл-ой саулығына септігін тигізеді.
"Миға әсер ететін заттың барлығы ішекке, ал ішекке әсер ететіндер миға әсер етеді", – дейді Иствуд.
Зерттеушінің айтуынша, күнделікті пробиотиктер ішу қарттарға өте пайдалы, себебі пробиотик ойлау қабілетінің төмендеуінің алдын алады. Ал жастарға мұның еш әсері жоқ дейді. Өйткені жас кезде ішек жақсы жұмыс істейді. Тек күйзеліс кезінде ішекте пайдалы микроағзалар азайса, есте сақтау мен зейін қою қабілеті төмендейді.
"Емтихан тапсыратын немесе қиын кезеңде өткеріп жатқан адамдарғапробиотиктер ішу өте пайдалы", – деп қосты маман.