Маман адамдардың баюына қандай психологиялық әдеттер кедергі екенін айтты
Психолог Ирина Маслова адамдардың неліктен байи алмайтынының төрт себебін атады. Айтуынша, тек күш-жігердің болуы қаржылық жағдайды жақсартпайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі aif.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: istockphoto.com
Психологтың айтуынша, ақша қатысты теріс ойлар көбіне балалық шақтан бастап құрылады.
"Біздің ақшамен қарым-қатынасымыз ерте балалық шақта ата-аналардың көзқарастарынан және олардың ақшамен қарым-қатынас тәжірибесінен қалыптасады. Анаң жұмыстан шаршап, ашуланып келді. Жалақының кешіккеніне шағымданды. Әкеңмен жанжалдасып, жинағының жартысын машинаны жөндеуге жұмсағанын айтады", - дейді Маслова.
Маман осындай көріністен балалық шақта теріс ойлар қалыптасатынын жеткізді. Мысалы, “ақша — бұл үлкен мәселе, оны табу қиын, ал бай адамдар — жаман” деген ұстаным пайда болады. Бұл ойлар өзін бағаламай, төменгі лауазымды таңдауға әсер етеді. Бұл құрсаудан шығу үшін олармен жұмыс істеп, психотерапиядан өту керек.
Адамдардың байи алмайтын тағы бір себебі ақша түскенде оңды-солды шашатын әдет. Қажетсіз заттарды жинау, импульсивті саудалар қаржының жиналуына кедергі келтіреді. Шешімі: Бұл әдеттердің орнына сапалы заттарды сатып алып, оқуға инвестиция жасау.
“Энергияның төмен деңгейі. Қызығушылық пен энергия болмаса, тіпті жақсы мүмкіндіктер болғанның өзінде жетістікке жету қиын. Шешімі: Күнделікті энергияны қалпына келтіретін шаралар жасау. Мысалы, физикалық жаттығулар жасау және жағымды адамдармен қарым-қатынас орнату.
Тиімсіз әрекеттер. Байлыққа жету үшін тек білім жеткіліксіз. Дұрыс әрекеттердің де болуы маңызды. Көп жағдайда адамдар жағдайды өзгерту үшін қадам жасамайды. Шешімі: Өз әрекеттеріңіз бен реакцияларыңызды бағалап, оларды табысқа жету мақсатына жұмсау”, – деді маман.