Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мал бақтыру үшін асырап алған: Ұлытау облысында 3 баланы құлдықта ұстаған әйел сотталды

Ұлытау облысының прокуратурасы асырап алған балаларын азаптаған әйелге қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Облыстық прокуратураның мәліметінше, сотталушы Садықова 2018 жылы шаруа қожалығының иесі ретінде мал бағушыларға төленетін жалақыны үнемдеу мақсатында балалар үйінен 3 кәмелетке толмаған баланы, нақтырақ айтсақ, 2 ағайынды ұл бала мен 1 қыз баланы асырап алғаны анықталған.

Сотталушы заң талаптарын елемей және патронаттық келісімнің міндеттерін орындамай балаларды ауыр үй шаруасымен айналысуға, сондай-ақ Жезқазған қаласының аумағында металл сынықтарын жинауға мәжбүрлеген. Егер бағынбаған немесе жұмысты дұрыс атқармаған жағдайда сотталушы Садықова балаларды ұрып-соғу арқылы физикалық және психикалық азапқа ұшыратқан.


Ұрып-соғып, иттің етін жегізген: Шымкентте асырап алған балаларын қорлаған әке жазадан құтылып кетті


Жоғарыда аталған фактілердің барлығы сотқа дейінгі тергеуде және сот отырысы барысында дәлеленді.

“Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 2024 жылғы 11 шілдедегі үкімімен Р.Ж.Садықова кәмелетке толмағандарды азаптау және қорғаншы өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау обылысы тұрғынының асырап алған балаларын бес жыл бойы құлдықта ұстағаны туралы жазған едік.

Талқылау