Мақпал Исабекова ақшаның жетегінде кеткен әріптестерін сынап тастады

Мақпал Исабекова шығармашылығын тойға арнаған әріптестерін қатал сынға алды. Әнші отандық шоу-бизнестегі әндердің 60 пайызы той стилінде деп күйінді. Ол барлық ақшаны көрге алып кетуге болмайтынын ескертіп, әртістерді ақшаға емес, шығармашылыққа жұмыс істеуге шақырды. Бұл туралы ол Tengrinews.kz сайтының The Эфир бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Маған әртіс ретінде ұнамайтын нәрсе – елімізде той-бизнестің қарқынды дамуы. Біз қанша дегенмен тыңдарманды тәрбиелейміз. Жүз жылға болмаса да, бірнеше онжылдыққа дейін ұрпақ тәрбиелейтін әндер шыққанын қалар едім. 20 жылдан кейін балаларымызға көрсетуге ұялмайтындай музыка болса деймін. Ал біз не көрсетеміз? Бізде қазір әндердің 60 пайызы тойға арналған. Бәрінен бұрын, әріптестерімнің сол арқылы ақша табуға тырысатындары мүлдем ұнамайды. Барлық ақшаны табу мүмкін емес қой”, – деп күйінді Мақпал.

Исабекова ақшаға тоймайтын әріптетері туралы да айта кетті.

“Ақшаның артынан қуып, өз ұрпағына не қалдыратынын ойламайтын жандар көп. Бұл дегеніңіз жауапкершіліктің жоқтығы. Ең бірінші кезекте, өзіңнен кейін не қалдырғың келеді, бұл әлемге қандай үлес қосқың келеді, осыны ойлану керек сияқты. Өмірге не үшін келдің? Көрге алып кете алмайтын ақшаны табу үшін бе? Әлде ақша тауып, оны балаларыңа қалдырып, ертеңгі күні өз күнін өзі көре алмайтын ұрпақ тәрбиелеу үшін бе? Өзіңе, отбасыңа жететіндей ақша тап. Ол сенің тамағыңа, киіміңе, қажеттіліктеріңе, керек болса жылына бір рет шетелде демалуға жететіндей ақша болсын. Бірақ шексіз ақша табуға тырысудың не қажеті бар? Менде мықты көлік бар деп мақтану үшін бе? Жақсы мақтандың делік. Бірақ ол саған не береді? Бар дүниені өзіңмен бірге алып кетпейсің ғой”, – дейді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Жастардың жолымен: Айдарбековтердің романтикалық суреті желідегілерді сүйсіндірді

Жеті жасар қазақстандық қыз «Игры престолов» сериалының кастингіне қатысып жатыр

Төреғалидің журналистерге арнаған жауап-бейнебаяны жарыққа шықты (видео)

Баланың даусын салып қызын еркелеткен Баян Алагөзова жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Çàãðóçêà...
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Дәл қазір жеткіншек Беларусь елінде емделіп жатыр

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Оқиға 18 тамыз күні түнде болған

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді

Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

Оларды қолдану ақылы болады, алайда бағасы әзірге белгісіз

"Не жүре алмай, не сөйлей алмай қалдық": Қарағандыда 13 адам донер жеп уланды

Зиян шеккендердің арасында 10 жасар бала да бар

Атырау театрында өрттің неден шыққаны белгілі болды

Қазір театр аумағы қоршауға алынған

Үш мың грант ақылы оқуға түскендер арасында үлестіріледі — БҒМ

Грант иегерлері тізімі бір аптадан кейін жарияланатын болады

Зорлаған адамнан жүкті болған: Баласы түсіп қалғаны үшін 40 жылға соттала жаздаған бойжеткен ақталып шықты

Сальвадор елінде қандай жағдай болсын, түсік жасатуға тыйым салынады

Батыс Қазақстанда ауылдастар бір-бірінің үйіне кіріп тамақ ұрлаған

Күдікті ретінде үш жасөспірім ұсталды

Адал ит қожайыны көз жұмған соң, 15 минуттан кейін өлді

Ер адам 8 жыл бойы ми рагымен күрескен