Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лукашенко Ресейдің Беларусьтен айырылып қалуға қорқатынын айтты

Екі елдің билігі кімнің қолында болғанына қарамастан, Ресей әрқашан Беларусь мемлекетінің ең жақын одақтасы болады. Бұл туралы республика президенті Александр Лукашенко Беларусь халқы мен парламентіне жолдаған жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенеттігі. 

Белорусь 1999 жылы жасалған келісім туралы Ресейдің есіне салды

Ол ресейлік тараптың бауырлас республиканы жоғалтуынан қорқатынын жариялады. 

Сондай-ақ, Александр Лукашенко Ресейді республикаға деген бауырластық қарым-қатынасты серіктестік деп өзгертті деп айыптады.

Алайда, президент елдер әлі де жақын одақтас болып қала беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, Лукашенко Беларусьтің Қытаймен, Батыспен, АҚШ-пен, көршілермен, сондай-ақ шалғайдағы елдермен стратегиялық  серіктестік қарым-қатынас орнататынына назар аударды.

"Біз халықаралық мәселелерді тек бейбітшілік жолымен шешуді жалғастырамыз және сұраған жағдайда басқа мемлекеттерге көмек қолын созуға дайынбыз. Біз ешкімге ешқандай проблема туындатпадық және ондай ойымыз да жоқ. Көмек алғыңыз келсе, бізден осы көмекті көресіз - біз көмектесеміз", - деді Лукашенко.

STAN.KZ
Сейсенбі, 04 Тамыз, 2020 17:27
Талқылау