LRT қаржысын жымқыру: Нұр-Сұлтанда күдіктілерге қатысты іс сотқа жіберілді
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" ЖШС Басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сұлтанбеков пен Ардан шетелде жасырынып жүруіне байланысты прокуратура ҚПК-нің 304-бабының 2-бөлігіне сәйкес оларға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды", – делінген прокуратураның хабарламасында.
Бұған дейін белгілі болғандай, прокуратураның жедел тергеу тобы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековке, "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы болған Т.Н. Арданға және басқа да тұлғаларға қатысты "Астана қаласының жаңа көлік жүйесі" LRT, BRT/ITS жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"