Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Louis Vuitton мен Gucci брендтері қазақстандық маталарды пайдаланбақ

Louis Vuitton мен Gucci брендтері қазақстандық мақтадан жасалған маталарды пайдаланбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж Stan.kz

Түркістан облысындағы "Тұран" арнайы экономикалық аймағында құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынбақ. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, толық циклді тоқыма фабрикасында иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу сияқты 11 цех болады. Өндіріс қуаты жылына 13 мың тонна иірілген жіп, 50 миллион метр үй тоқыма бұйымдарын, 7 миллион төсек-орын жиынтығын құрайды. 


"Шоппинг үшін бардық": Ерке Есмахан Парижден алған бренд заттарын көрсетті


"Мақта кластерін дамытуға бағытталған өнеркәсіп кешенінің құрылысын "Xinjiang Lihua (Group) Co., LTD" компаниясы жүргізеді. Жобаның маңызды артықшылығы компанияның Louis Vuitton және Gucci сияқты сән индустриясының алыптарымен тікелей ынтымақтастығы болып табылады. Алдағы уақытта Түркістанда жасалған тігін жіптері мен маталар осы брендтерге сатылады", – делінген министрлік хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы базарда HUGO BOSS брендінің шағымынан кейін тексеріс жүргізілгені туралы жазған едік.

Талқылау