AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайының қызметкерлері жалған ПТР сынақтарын өткізгені үшін ұсталды-видео

Алматы әуежайының екі қызметкері жалған ПТР сынақтарын жасағаны үшін қамауға алынды деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлескен қызметкерлерінің халықаралық әуежай аумағында жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде 29 жастағы Ж. мен 28 жастағы И. есімді азаматтар ұсталды. 

Бізге белгілі болғандай, тұтқындалушылар шетелге шығушылар үшін теріс ПТР-сынақтарын өткізіп, барлығы шамамен 15-20 сертификат сатылғаны анықталды. Тесттерді алуды олар ұялы телефонда орналасқан арнайы қосымша арқылы дербес жүргізіп отырған. Айыпталушылар клиенттің жеке деректері мен куәліктің берілген күнін түзетіп, кейіннен заңсыз қызметке қатысқан авиакомпаниялардың өкілдері жолаушыларды әуе кемесіне отырғызған, ал алынған қаражатты өздері мен әуе компанияларының өкілдері арасында бөліп алып тұрған. 

“Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Жұмыс барысында ұсталғандардың теріс ПТР сынақтарын өткізуге ұқсас фактілерге қатыстылығы анықталуда. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды. "Саудагерлер" ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-і бабымен уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп түсіндірді департаментте.

Алматы әуежайында алаяқтықпен айналысқандар ПТР сертификаттарын қолдан жасағандарын толықтай мойындап, түсінік берді. 

"Бір адам Ташкентке ұшқысы келді. Оған ПТР қажет болды. Мен оның ұшып кетуі үшін ПТР тестінде тегі мен атын өзгертіп бердім" ,-деді қылмыскер.

Екінші ұсталған әйел азаматша - Алматы халықаралық әуежайының тағы бір қызметкері, ол да ПТР анализдерін сатқанын мойындады. 

Қызметкерлердің аэропорт аумағында ПТР теріс тестінің жалған куәліктерін жасайтыны туралы ақпарат қалалық полиция бөліміне шамамен екі апта бұрын келіп түскен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр