Күйеуімен көзге түскен Мақпал Исабекова елді тәнті етті (фото)
Жақында тұрмысқа шыққан Мақпал Исабекова күйеуінің жүзін көрсетуге асықпайды. Айтуынша, өмірлік серігі ел алдына шыққанды аса қаламайды. Алайда халықтың назарында жүріп үйреніп қалған әнші бақытты екенін бүкіл әлемге паш еткісі келетіндей, деп жазады Stan.kz.
Күні кеше Мақпал күйеуімен теңіздің жағасында түскен суреттерін жариялады. Алайда әдеттегідей жігіттің жүзін көрсетпеді. Екі жас Ақтаудағы Rixos қонақ үйінде бал айын өткізіп жатқан ұқсайды.
Фанаттар жігіттің денелі, ұзын бойлы екенін байқап, тамсанды. Мақпалдың да мінсіз дене мүсініне тәнті болған оқырмандар оны америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопеспен салыстырды.
Мақпал Исабекова: Күйеуде болудың соншалықты күшті екенін неге ертерек айтпадыңдар?
"Артынан қарағанда Джей Лоға ұқсайды", "Бақытты әйел", "Джей Ло мен Аффлек", "Қай-қай фотода әдемісіз, сұлулықтың символы", "Сіз үшін қуаныштымыз", "Әдемі жұп. Бақыт пен көп бала тілеймін", - деп жылы лебізін білдірді оқырмандар.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген