Күйеуімен ажырасқан Әсел Асқар жүкті екенін білді
Актриса Әсел Асқар жүкті екенін көпшілікке мәлімдеді. Жақында ғана жолдасы екеуі ажырасқанын айтқан актриса жүкті екенін білді. Енді ана болуға дайындалып жүр.
Бұл туралы актриса желідегі парақшасында айтты.
"Менің Алла берген сыйым. Қуанышты жаңалығымды бөліскім келеді. Жақында ғана білдім. Барлық белгілер жүктілікті білдірген еді, бірақ мен күдіктенген едім. Егер естеріңізде болса, мен жақында ғана коронавируспен ауырып емделіп шықтым. Иммунитетім, шашым түсіп, есте сақтау қабілетім төмендейді деп ойладым.
Әлсіздік болды, бүйрегім ауырады деп ойладым. Бірақ шашым қалыңдап, бет терім жарқырай бастады. Кеудем өсіп, етеккірім тоқтап қалды. Мен шошып қалдым. Етеккір уақыты күйзеліске байланысты өзгеруі мүмкін. Бет терім мен шашымның өзгерісін косметолог мамандар байқай бастаған соң мен тест тапсырып көрдім", – деді актриса.
Әсел Асқар тест нәтижесі мен тексеруден кейін өзінің жүктілігіне көзі жеткен.
"Солай жүкті екенімді білдім. Мен бұл сәтті басқаша елестеткенмін, бірақ Аллаға алғыс айтамын. Мен бұл бақытқа лайық болғаным ғой. Ішіңде тағы бір өмір барын білген сәтті тағы да бастан өткергім келеді. Осындай бақытты қалаған әрбіріңізге бақыт тілеймін. Бұл әйел заты үшін ең бақытты әрі ең керемет уақыт", – деп жазады Әсел Асқар.
Желі қолданушылары құттықтауын білдіріп, ақ тілегін айтты.
"Құттықтаймын! Ана болуыңызды тілеймін!", "Аман-есен сәбиіңіз өмірге келсін", "Қол-аяғыңызды бауырыңызға алыңыз", "Керемет жаңалық", "Күйеуіңіз біле ме? Ажыраспайтын болдыңыздар ма?" деп жазды олар.
Айта кетейік актриса жақын күндері жолдасымен ажырасатынын мәлімдеген еді. Актрисаға күйеуі жақын күндері қымбат көлік сыйлап қуантқан еді.
Әсел Асқар: Анам бала күнімде менімен етеккір мен секс жайлы сөйлескен емес