Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Әсел Асқарға күйеуі қымбат "Гелендваген" көлігін сыйлады (видео)

Жақында коронавирустың салдарынан ауыр күндерді бастан өткерген қазақстандық актриса Әсел Асқар күтпеген жерден үлкен қуанышқа тап келді.

Әсел Асқар: Анам бала күнімде менімен етеккір мен секс жайлы сөйлескен емес

"Міне, ертең мен қаланы осы көлікпен айналып өтемін", - деді Әсел.

Актриса күйеуі оған тосынсый жасаап, "Гелендваген" көлігін сыйлады. Әсел бұл туралы Instagram-да хабарлап, қуанышын бөлісті.

Ол Айбектің балмұздақ алуға кеткенін, содан кейін оған машина сыйлағанын айтты. Актрисаның ұлы өгей әкесінен сыйлыққа самокат алды.

Бақытты актриса эмоциямен жасыра алмай, күйеуін сүйіп пәтерді айнала жүгіре бастады.

Ол желідегі жазылушыларына осындай сыйлықтар жасайтын Айбек секілді азамат жолығуын тіледі.

"Күн сайын ұйықтап, оянған кезде мен сіз үшін, өзім үшін ұлым үшін дұға етемін және бізден гүлденуді, сүйіспеншілік пен молшылықты сұраймын.Менің дұғаларымды періштелерім Құдайға жеткізеді. Менің сүйіспеншілігімді және таза ниеттерімді көріп, құдай тілегімді орындайды және бізге жол ашады. Менің махаббатым сен үшін жанып тұрса, сен сәттілікке жетесің. Мен сенің бақытты сүйкіңмін. Мен барлық жазылушыларыма алғыс айтқым келеді. Қолдағаны және құттықтағандарыңыз үшін рахмет", - деп жазды актриса.

Желі қолданушылары құтты болсын айтып жатыр.

"Қандай керемет, бізге жұғысты болсын", "Алдымен осындай азамат кездессе екен, содан кейін көлік те болады", "Бақытты екенсіз", "Жақсылыққа жетелесін", "Бұлардың өмірі бал ғой", "Пиар үшін көрсете ме?",  деп жазды оқырмандары. 

Айта кетейік, жақында Айқын Төлепберен жары Жұлдызға осындай қымбат көлік сыйға тартқан еді. Ал Қайрат Нұртас 60 миллион теңгеге алған көлігін көрсетті. Әнші оқырмандардан алғаш рет сүйінші сұрап, қымбат тұлпар алғанын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр