Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қолына қару ұстап көрген емес": Алматыда атыс шығарған азаматтың жары күйеуі жайлы айтты

Ақбұлақта 5 адамның өмірін қиған азаматтың әйелі Анаид Демирчян өзінің күйеуі жайлы, оның соңғы уақыттағы мінезі мен қайғылы оқиғаны балалары қалай қабылдағаны жөнінде айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Экпресс К" сайтына сілтеме жасап.

анаид демирчян

Әйелдің айтуынша, соңғы уақытта күйеуі жиі депрессияға түсіп жүрген бірақ қанды оқиғаға алып келетін жағдай орын алады деп ешқашан ойламаған.

"Соңғы уақытта... иә, депрессияға көп түсіп кетті. Сот орындаушылардың кесірінен. Ешкім оны олай жасайды деп күткен жоқ. Күйеуімді бұл қылмысқа әділетсіздік пен заңсыздық итермеледі. Соңғы уақыттарда ол қолының қысқалығынан жынданып кете жаздайтынын айтқан. Ары қарай не болатынын білмейтінін жеткізген. Осы уақытқа дейінгі сот процестері, сот орындаушылары, осы әділетсіздіктің барлығы осылай жасауға алып келді. Қандай әрекет қылса да ол ершәрсені дәлелдей алмады", – дейді әйел.

Анаид жеке сот орындаушылары олардың үйіне 2021 жылдың маусымынан бастап күн сайын келіп тұрғанын айтады.

"Бұл үй жөнінде таластың басталғанына ұзақ уақыт болды. Бірақ маусым айынан бастап күн сайын келіп тұрды. Өте агрессивті қоңыраулар мен қоқан-лоққылардан телефонды бұғаттауға тура келді. 4 ай бойы осы келеңсіздік тоқтаусыз жалғасты. Жұмыс істеуге мұрша бермейді, үнемі балалармен бірге үйде отыруың керек. Олар бізді өз әрекеттерімен жоюға тырысты", – деп есептейді ол.

Қанша күдік туғызғанымен, әйел өзінің жұбайының үйде қару сақтағанын білмеген көрінеді. 

"Күйеуім аңшы емес. Оның қолынан ешқашан қару көрген емеспін. Тіпті оның қайдан келгенін де білмеймін. Үйде қару болмаған, өйткені сол күні ол үйге келмеген. Тіпті ешнәрсені жобалай алмаймын. Бұл менің күйеуіме ұқсамайды. Ол аңшылық пен балық аулауды ұнатпайтын. Оның пневматикалық ойыншықтары болған, алайда кешегі қаруды мен ешқашан көрмеппін", – дейді күдіктінің әйелі.

анаид демирчян 2

"Әйел білуге тиісті емес жайттар болады", – дейді Анаид.

2014 жылы үйге қатысты сот істері басталғанда, әйелдің күйеуі заттары мен шатырын жинап, бірнеше апта тауға тұруға кетіп қалған. БАҚ сол уақытта ер адамның қолында қару болып, келгеннен кейін оны жоғалтып алғанын жариялағанын жазған болатын.



Бұл жайында Анаид Демирчянның өз нұсқасы бар.

"Үйдің қарызына қатысты алғашқы сот 2014 жылы басталды. Ол кезде біздің кішкентай баламыз дүниеге келген. Дәрігерлер балама жүрек ақауы диагнозын қойды. Осының барлығы біздің отбасымызға, күйеуіме артылды. Ол депрессияға түсіп, өзінің көңілімен бізді жабырқатпау үшін шатырын алып, біраз уақыт тауда тұруға кетіп қалды. Шамамен бір айға жуық уақыттан кейін қайта оралды. БАҚ ол кезде қолында қаруы болып, оны кейін жоғалтып алғанын айтады. Мен барлығын бұл ақпаратқа сенбеуге шақырам. Бұл өтірік – оның қолында қару болған жоқ. Мұның кімге пайдасы бар екенін түсінбеймін", – дейді әйел.

Әйел күйеуімен бала кезден танысқанын айтады – олар бір ауданда өскен көрінеді. 30 жыл бойы некеде болған. Осы уақыт ішінде үш баласы өмірге келген – екі ұл мен бір қызы бар.

"Бізде бір көргеннен ұнату болды. Ол өте мейірімді және өте адал азамат. Ешқашан ешкімді алдаған да ренжіткен де емес. Балаларға ешқашан қол көтерген емес. Мені әрқашан сыйлайтын. Ащу су ішпейді, темекі тартпайды. Қатты ашуланған күнде де өз өзін қолға алып, ешкімге білдірмейтін. Іштей тұйығып, ешкімге ашуын көрсетпейтін", – дейді Анаид.

Қанды оқиға балаларға қалай әсер етті?

Атыс шығарған азаматтың үлкен қызы 27 жаста. Өткен көктемде күйеуге шыққан. Орта жастағы ұлы 17 жаста болса, кішісінің жасы 7-де.

"Балалар болған жайтты әлі ұмыта алар емес. Кішкентай ұлым не болғанын білмейді. Ол атыстың дауысын естіген, бірақ біз алаңдатып әкеттік. Үлкен ұлым... мен оның көз жазын бұған дейін көрген емеспін. Ал қазір жылап отырғанына екінші күн болды. Ал қызым тыныштандыратын дәрі қабылдап жүр. Оның да жүрегінде ақау бар", – деді Анаид.

Әйел сонымен қатар атыс шығарғаннан кейін күйеуі полицияның келуін күтіп, өз еркімен берілгенін алға тартады. Оның тарапынан ешқандай шабуыл немесе қарсылық орын алмаған дейді ол.

"Мен оны ақтамаймын, бірақ ол отбасы мен балаларын қорғады. Бұл тығырыққа тірелген адамның әрекеті болды", – деп атап өтті әйел.

Анаид күйеуінің жасаған қылмысынан түрмеге ұзақ уақытқа қамайтынын ойлағанда отбасы одан бетер қиналатынын қосып өтті. 

20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамның өлтірілгені туралы белгілі болған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімін естіген азамат үйінен  қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

Үйде әйелдер мен балалар болғандықтан күдіктіні арнайы жасақ қару қолданбай қолға түсірді

"Кісі өлтіру" және "Билік өкіліне шабуыл жасау" баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. 1967 жылы туған ер азамат 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар бұған дейін Алматы қалалық соты Игорь Дужнов пен Анайда Демирчян өз құқықтарын қорғауда қателіктер жібергенін айтқан болатын.
 

Талқылау