Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-дағы төтенше жағдай: Қар құрсауында қалған тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек тікұшақпен жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында толассыз жауған қарға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2024 жылғы 7 қаңтардан бері Күршім ауданында қар мен боран тоқтамай тұр. Кей жерлерде қардың қалыңдығы 1.8 – 2 метрге жетті. Бұдан бөлек, Марқакөл және Тосқайын ауылдық округтерінің ауыл-аймақтарында көлік жүрмей қалды.

Күршім ауданының әкімдігі өңірде қардың шамадан тыс көп жауып, көліктердің жүрмеуін ескеріп, табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.

Облыстағы көлік және автомобиль жолдары басқармасының дерегіне сүйенсек, жол жүруді қамтамасыз ету үшін қосымша техника жөнелтілді. Қазір 24 арнайы техника жұмылған.


Риддерде қар көшкіні болып тұрғындар сусыз қалды: Әкім сумен қамту жағдайына түсініктеме берді


Осы орайда Марқакөл және Тосқайын ауылдық округтері мектептерінің оқушылары 8 қаңтардан бастап қашықтан оқу форматына ауысты.Қолайлы ауа-райы жағдайы белгіленген соң, 16 қаңтарда ауылдық округтердің тұрғындарына қажет азық-түлік пен дәрілерді жеткізу үшін тікұшақ жіберілді.

Талқылау