Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлаған кран мен сынған терезе: Астанадағы дауыл Петропавлға жетті

Бұған дейін Астанада болған қатты даулыл ендігі Солтүстік Қазақстанға жетті.

Құлаған кран мен сынған терезе: Астанадағы дауыл Петропавлға жетті

Сурет: ВКОНТАКТЕ / “Я ПЕТРОПАВЛОВСК”

Өңірлік Петропавловск.news басылымының мәліметінше, 20-ықшамаудандағы сауда үйлерінің бірінің маңында қатты жел коммерциялық палаткаларды ұшырып әкетіп, балық дүкенінің шынысы сынған. Қала көшелерінің бірінде ағаш құлап, бірнеше жеңіл көлікті басып қалды.

Сондай-ақ, қатты дауыл салдарынан 40 тонналық көтергіш кран жерге құлады. Салдарынан ол автокөліктер жүретін жолды жауып тастады.

Құлаған кран мен сынған терезе: Астанадағы дауыл Петропавлға жетті

Сурет: ВКОНТАКТЕ / “Я ПЕТРОПАВЛОВСК”

Дауыл құрбандары мен зарап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Құлаған кран мен сынған терезе: Астанадағы дауыл Петропавлға жетті

Сурет: ҚР ТЖК

Облыстық ТЖД 23 мамырда дауылды ескерту жариялаған еді. Өңірде екпіні секундына 28 метр болатын солтүстік желі соғады деп күтілуде. Облыстағы жекелеген аудандарда түнде найзағай ойнауы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

СҚО-да полиция сержанты бүтін бір отбасын өртеніп жатқан үйден алып шықты

Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі Еркін Әмірханов қамауға алынды

Талдықорғанда 11-сынып оқушысы орамал таққаны үшін ҰБТ-ға кіре алмайтынын айтып жылады

Астанадағы дауыл: Кран машинисі жерге түсіп үлгермей қалған

Талқылау