Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан қуылуы мүмкін
“Әл-Наср” командасының шабуылшысы Криштиано Роналду Сауд Арабиясынан қуылуы мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай шешім футболшының бейәдеп қылығына байланысты туындап отыр. Vesti.kz сайтының жазуынша Криштиано Роналду “Әл-Хилял” командасымен ойыннан кейін жанкүйерлерге ерсі әрекет көрсеткен. Яғни ойында өзін дұрыс көрсете алмаған футболшыға стадиондағы жанкүйерлер наразылық танықтан.
Ойын соңында Криштианоның жүйкесін жұқарту үшін футбол сүйер қауым Мессидің есімін айғайлап айтады. Бұған қарсы жауап ретінде Роналду ерсі әрекетке барған.
Заңгерлер футболшының дәл осы әрекеті үшін сотқа жүгінуді көздеп отыр. Тіпті шабуылшыны қамауға алып, елден қуу керек деген ұсыныста.
"Бұл қоғамдық абыройсыздық қылмысы болып саналады. Әрі дәл осындай әрекетті егер шетелдік жасаған болса, оны қамауға алуға және депортациялауға толық негіз бар", - дейді заңгер.
Айта кетейік Криштиано Роналду “Әл-Наср” футбол командасына өткен жылдың желтоқсан айында ауысып барды. Содан бері 11 ойын өткізіп 11 гол соққан. 2 нәтижелі пас шығарыпты.
A advogada Nouf bin Ahmed vai denunciar Cristiano Ronaldo porque "a conduta de Cristiano (agarrar os órgãos genitais) é um crime que, se cometido por estrangeiro, implica prisão e deportação". pic.twitter.com/CFYMhOOgNJ
— Curiosidades Europa (@CuriosidadesEU) April 19, 2023