Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай жаңа медаль тағайындалды

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

медаль

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды. 

"Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

1. «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;

2) «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген президент жарлығында. 

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі (бұдан әрі – мерекелік медаль) белгіден және тағаннан тұрады.

Мерекелік медальдың белгісі алтын түстес жезден жасалады, диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер болады.

Мерекелік медальдың беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе Қазақстан Республикасының Конституциясын білдіретін, ортаңғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан ашылған кітаптың бейнесі жасалған. Кітаптың астында көгілдір эмальмен құйылған «25 ЖЫЛ» деген жазу орналасқан. Аверстің барлық реңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен түстес эмальмен құйылған. Шеңбердің ішінде аверстің шетін бойлай «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА» деген жазу бар. Аверстің төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Мерекелік медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы әрі жылтырақ.

Мерекелік медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғасады.

Таған ені 32 мм көгілдір түсті жібек қатқыл лентамен қапталған. Лентаның ортасында ені 8 мм сары жолақ өтеді.

Тағанның сыртқы жағында бұйымды киімге бекітетін визорлы бекіткіші бар түйреуіш орналасқан.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында сегіз күннен бері іздеуде жүрген қыз құрбысының үйінде жатқан

Бойжеткеннің туыстары оның із-түссіз жоғалып кеткендігін айтқан

Ішімдік ішіп, қонақ үйге құсып тастаған: Қазақстандық төрт биатлоншы олқы қылықтары үшін ұлттық құрамадан шеттетілді

Ең зиянды әдеттер аталды

бұл қылықтар денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы тағайындалды

Бұл лауазымға Дастан Рыспеков ие болды

"Бір жерге тегін жеткім келді": Павлодарда көліктегі әйелге шабуыл жасаған азамат құрықталды

Оқиғаға қатысы бар деп Ақсудың тұрғыны ұсталған

Bek Air ұшағының құлау сәті видеомен көрсетілді

Мамандар ұшақ апатын визуал

Мәдениет министрлігі: Әнші фонограмма жайлы алдын ала ескертуі керек

Орындаушы концерт фонограммамен өтетіндігі жайлы билет сатылмай, жарнама бермей тұрып айтуы шарты

14 күнге карантинге жабылады: Қазақстанда коронавирус анықталған елдерден келген азаматтар қатаң бақылауға алынады

Коронавируске қатысты жаңа заң құрастырылды

Таксист болып жүрген жеті баланың анасына көпшілік көмектесе бастаған (видео)

Даниал Ахметов коронавирус жайлы: Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарына қорқудың қажеті жоқ

Әкімнің айтуынша, шекара қатаң қадағалауда
Çàãðóçêà...