Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісінің көзіне шөп салғандарды әшкерелеумен айналысатын әйел кәсібіндегі қиындықтар туралы айтып берді

Көзге шөп салуды анықтаумен кәсіби тұрғыда айналысатын Оливия Дин өз қызметінің қиын тұстары жайлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

әйел сток

Фото: utro.ru

Диннің сөзінше, оның көмегіне көбіне сүйіктісінің адалдығына күдікпен қарайтын бойжеткендер жүгінеді екен. Кейін ол ер адаммен байланыс орнатып, түрлі аудиохабарлама мен интимдік фотолар жолдайды. Өз қызметі үшін Дин 50 фунт стерлинг алады.

Әйел ер адамдардың 80%-ы бұл сынақтан өте алмайтынын айтады. Көбіне ер адам 1 сағаттан кейін-ақ сүйіктісінің көзіне шөп салуға бел байлайды екен. Ең ұзақ хат алмасу 2 аптаға созылған екен. 

Диннің айтуынша, егер ер адам хабарламаға жауап бермесе әрі қарай тапсырыс берушінің қалауы бойынша әрекет етеді. Кейде қарым-қатынасты тоқтатса, кейде хат жазбай-ақ тек аккаунтына жазылады екен. 

"Көбіне ер адам 1 аптадан немесе 1 айдан кейін өзі жазып, әңгімені бастайтын", – дейді Дин. 

Әйел жұмысындағы ең қиын тұс шындықты бойжеткендерге жеткізу дейді. Себебі кейбірі сүйіктісінің адалдығына сенбесе де, мұны бөгде адамнан естуге дайын болмайтын көрінеді. 

Диннің тәжірибесінде жүкті, ауыр дертке шалдыққан әйелінің көзіне шөп салғандар да болған екен. Ол өзінің кінәсіз екенін білсе де, басқа адамдардың отбасын ойран еткеніне жайбарақат қарай алмайтынын жеткізді. Сондықтан Дин өз клиенттері шындықты білсе, бұдан жақсы қарым-қатынас құра алады деп ойлайды. 

Талқылау