Қостанайда ер адам сатушыға пышақ кезеп, ақша бопсалаған
Қостанайда сатушыға пышақ кезеп, ақша бопсалаған ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға қала орталығындағы дүкендердің бірінде болған.
33 жастағы күдікті дүкенге баса-көктеп кіріп, сатушыны пышақпен қорқытқан. Осылайша, 20 мың теңгеге жуық ақшаны алып кеткен.
"Бір топ адам жабылып, пышақтап кеткен": Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады
Полиция күдікті 33 жастағы жергілікті тұрғынның ізін суытпай ұстады. Ол қылмыс орнынан қашып кетіп, жақын маңдағы пәтерлердің біріне тығылған. Полиция күдіктіні ұстау сәті түсірілген видео жариялады.
Күдікті бұл әрекеті үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада мас жігіт жедел жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуылдағаны туралы жазған едік.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"