Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қостанайда ер адам көлік ішінде өзін өртеп жіберді (видео)

Фото: Видеодан скрин

Қостанайлық үй ауласында тұрған көліктің ішінде отырып, өзіне өрт қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Ер адам көлікте отырған, содан кейін жанармай тәрізді сұйықтық құйылған канистрді алып шығып, көлік салонында өзін өртеп жіберді. Қызыл жалынға оранған ер адам көліктен атып шығып, өзін қоярға жер таппай жүгірді. 

Өткен-кеткенде қолда бар затпен өртті өшіруге тырысты. 

Жедел жәрдем оқиға орнына шұғыл жетіп, ер адам дереу ауруханаға жеткізілді. Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр деп бағалап отыр.

Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Өңірлік полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде ер адамның осындай оқыс қадамға баруына не түрткі болғаны анықтап жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 23 Сәуір, 2025 08:30
Талқылау