Қостанайда 42 тұрғын үй, мектеп пен әуежай жылусыз қалды
Қостанайда Аэропорт шағын ауданындағы Герасимова көшесіндегі №4 тұрғын үйдің жанында жылу құбырлары жарылды. Салдарынан бірқатар нысандар мен тұрғын үйлер жылусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Наша газета” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"КТЭК" МКҚК-ның хабарлауынша, апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан мекеме аудандағы жылуды өшіруге мәжбүр.
"Жөндеу жұмыстары 20 желтоқсанда өтеді. 42 көпқабатты тұрғын үйде, №29 орта мектепте және халықаралық әуежай ғимараттарында жылу сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін сөндіріледі", - делінген хабарламада.
Былтыр да бұл ауданда 2022 жылдың желтоқсанында магистральдық жылу желісі жарылған болатын.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі