Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай тұрғынының арзан бағамен алған көлігі ұрланған болып шықты

Қостанай тұрғыны білместікпен арзан бағаға көлік сатып алған.

2446812

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

2010 жылы шыққан Volkswagen Passat көлігі 2,7 млн теңгеге сатылған. Тұрғын көліктің сатылатыны жайлы хабарламаны арнайы сайттан оқыған. Ол былтырғы жылы мамыр айында банк арқылы келісімге отырып, көлікті есепке қою үшін Рудный қаласының ІІБ-не хабарласқан.

«Тұрғын құжаттарына келгенде полицейлер көліктің іздеуде тұрғанын айтып алып қояды. Көлікті сатып алмақшы болған әйел ақыры соңында ақшасыз қалды. Ол несие ақшасын төлеуге міндетті келісімге де отырып қойған. Тергеу нәтижесінде көліктің Ресей тұрғынына тиесілі екені белгілі болды. Көлік иесіне берілді”, – деп мәлімдеді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінде.

Осындай олқылықтың алдын алмаған полиция қызметкерлері дисциплинарлық жауапқа тартылды. Сот әйел шағымын қанағаттандырып, жауап беруші жақтан шағымданушының 2,7 млн теңге өндіріп алуын міндеттеді.

Тағы да оқыңыз:

Министр: Екпе салынбаған балаларды мектеп пен балабақшаға қабылдамау туралы тыйым жоқ

Маңғыстау облысында жалғызбасты ана төрт баласымен бірге мешіттен тамақтануға мәжбүр

Нұрсұлтан Назарбаев бесінші дүниежүзі қазақтарының құрылтайын ашты

Талқылау