Қостанай тұрғыны сатып алған балық ішінен үшкөзді құбыжық тауып алды (фото)
Қостанай тұрғыны Людмила Шеферович Орталық базардан сатып алған шортан балығының ішінен белгісіз теңіз жануарын тауып алды.
Оның ұзындығы 23 см. Сырттай қарағанда құртқа не жыланға ұқсайды. Басында жеті тесігі, үш көзі бар, деп жазады “Костанайские новости“.
«Шортанның ұзындығы 1 метрдей болды. Шортанды жемтігін енді жей берген кезде ұстап алғанға ұқсайды. Ішіндегі жануарға ешнәрсе болмаған», – дейді тұрғын.
Көрнекі сурет
«Бұл минога, ежелгі жануар. Бірақ оның шортанның ішінде қайдан жүргені белгісіз. Шортанның бізге қайдан келгені де қызық болып тұр», – дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Андрей Андющенко. «Егер миноганың аузын ашып көрсеңіздер, қорқынышты фильмдегідей көріністі байқар едіңіздер. Ауызының бәрі толған тіс. Сол тістерімен балықты шағып, тістеп алады. Бұл негізі паразит болып саналады. Олар жақсы жүзе алмайды. Тығылып жатып жемтігін аулайды», – дейді ғалым.
Шортан балығын Торғай өзенінен ауланғаны белгілі болды. Алайда, оның Қостанай облысына қалай келгені жұмбақ.
Тағы да оқыңыз:
Алматы облысында 8 жасар қыздың туыстары педофилдің басын шаппақ болды
Министр қатерлі ісікке шалдығып төсек тартып жатқан көпбалалы анаға көмектесті
АҚШ аспазы мейрамхана қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып жүр