Қостанай тұрғыны 5 жасар баланы жүргінші жолағында қағып өлтірді
Қостанай облысында автокөлік жүргізушісі 5 жасар баланы қағып, өлтіріп қойды. Жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең Рудныйда орын алған, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Рудный қалалық ІІБ-нің хабарлауынша, “Skoda” автокөлігінің жүргізушісі жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан егде жастағы әйел мен оның 5 жасар немересін қағып кеткен.
Аталған фактіні облыстық ІІД растады, қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алған жарақат салдарынан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, ал әйел қалалық ауруханаға жеткізілді.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-да фермер 2 жасар балаға арақ беріп, сосын оны жауыздықпен өлтірген
Алматы облысында Range Rover көлігі түйемен соғысып, 5 адам көз жұмды
Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды
Алматыда Mercedes жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті