Қостанай облысында ағаштан жасалған дәретханаға 600 мың теңге жұмсалған
Қостанай облысында ағаштан жасалған даладағы дәретхананы салуға 600 мың теңге жұмсалған. Бұл туралы Әділдік жолы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында далада орналасқан дәретхананы салуға 600 мың теңге жұмсалған.
Дидар Смағұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында "бағалы" дәретхананың фотосын жариялап қысқаша жазба қалдырды.
Автор бұл соманың қалай шыққанын шамамен есептеп көрсетті:
1. Ағаштан жасалған қоршау: 60 000 тг.
2. Септиктің бетон сақинасы, қақпақ, құбыр: 40 000 тг.
3. Архимедтің арнайы күректерімен шұңқыр қазу: 500 000 тг.

Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"