Қос қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирдің ширек финалында ойнайды
Екі қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Португалияда өтіп жатқан турнирдің ширек финалында бір-біріне қарсы ойнайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев пен рейтингіде 177-орында тұрған Денис Евсеев Португалиядағы Оэйраш челленджер турнирінің ширек финалына шықты. Бейбіт екінші айналымда әлемнің 150-ракеткасы, америкалық Патрик Кипсонды 7:5, 7:6 есебімен ұтса, Денис Евсеев әлемнің 124-ракеткасы, америкалық Эмилио Наваны қапы қалдырды. Енді ширек финалда Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев өзара кездеседі. Қай жеңгені жартылай финалға жолдама алады.
Айта кетейік, бұған дейін Зарина Дияс Жапониядағы ITF W75 турнирінің екінші айналымында алаңға шықпағанын жазған едік.
Депутат белсенді биологиялық қопалар онкология тудырады деп мәлімдеді: Бұл қаншалықты рас
Маман: "Салдарлары ұсынылған дозадан асырып қолданумен байланысты"
Қазақстанда 2025 жылы қанша сәби дүниеге келіп, қаншасы көз жұмды – Балаларға қатысты статистика
2025 жылы Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді

